Лицензиялық сертификат туралы
Лицензиялық сертификат – бұл кілт файлы немесе белсендіру кодымен бірге сізге берілетін құжат.
Лицензиялық сертификатта, ұсынылатын лицензия туралы келесі ақпарат бар:
- лицензиялық кілт немесе тапсырыс нөмірі;
- лицензия берілетін пайдаланушы туралы ақпарат;
- берілетін лицензия бойынша белсендіруге болатын бағдарлама туралы ақпарат;
- лицензиялау бірліктерінің санына қойылатын шектеу (мысалы, берілетін лицензия бойынша бағдарламаны пайдалануға болатын құрылғылар);
- лицензияның қолданылу мерзімі басталған күн;
- лицензияның жарамдылық мерзімінің аяқталу күні немесе лицензияның қолданылу мерзімі;
- лицензия түрі.
Басына оралу